$ 444.32  473.33  4.76

Қызылордада 5 жастағы баланы қағып өлтірген ер адам сотталды

Аталмыш оқиға биылғы жылдың шілде айында Қызылорда қаласына қарасты Досан

Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Аталмыш оқиға биылғы жылдың шілде айында Қызылорда қаласына қарасты Досан ауылында болған. Кешкілік ВMW-520 маркалы автокөлігінің иесі жолды кесіп өтпек болған бүлдіршінді қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінде есін жимаған күйі қайтыс болған. 

«Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілген, іс сотқа жолданған. Онда абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекетті жасау жағдайы көрсетілген. Қылмыстық құқықбұзушылығы толығымен дәлелденді. Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ол 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Қуаныш Назар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары