$ 444.32  473.33  4.76

Синоптиктер 12-14 желтоқсан күндері елдің басым бөлігінде күн суытатынын хабарлады

Синоптиктер 12-14 желтоқсан күндері елдің басым бөлігінде күн суытатынын хабарлады. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Көпжылдық орташа температурадан 4-10°С -қа жоғары болған ауа райы қалыпты желтоқсан айындағы температураға ауысады. Батыстан келген ауа массалары солтүстік-батысқа өзгереді, деп жазады Sputniknews.kz.

"Қазақстанға Баренц теңізінен суық арктикалық ауа келеді. Соның әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы суытады. Қар жауып, қатты тұман, көктайғақ болады. Солтүстік өңірлерде боран соғады", - деді Қазгидрометтің инженер-синоптигі Айнұр Қайынбаева.

Дабылды ескерту

12 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %

12 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман және көктайғақ болады. Күндіз солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Ақмола облысында да тұман және көктайғақ. Жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Түркістан облысының басым бөлігінде, Шымкент қаласында 12 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Қостанай облысында қар жауады. Тұман, боран және көктайғақ болады.

12 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Елордада ертең тұман сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Ірі қалалардағы ауа райы 

Елордада 12 желтоқсанда күндіз қар жауады, кей уақытта тұман болады. Түнде ауа температурасы -7-10 градус , күндіз 0 градус шамасында. 13 желтоқсан күні күн бұлтты. Түнде -5-7, күндіз -3-5 градус нөлден төмен. 14 желтоқсан күні кей уақытта қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 9-14 м/с. Түнде -8-10, күндіз -6-8 градус. 

Алматыда 12 желтоқсан күні түнде 0-2 градус нөлден төмен, ал күндіз +8+10 градус. 13 желтоқсан күні жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы 0-2 градус, күндіз плюс 6-8. 14 желтоқсанда секундына 0-5 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде -1-3, күндіз сынап бағанасы +1+3 градусқа дейін көтеріледі. 

Шымкент қаласында 12 желтоқсан күні жауын жаууы мүмкін. Түнде +1+3, күндіз +6+8 градус жылы. 13 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан жел шығысқа ауысады, екпіні 8-13, кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде +1+3, күндіз плюс 3-5 градус. 14 желтоқсан күні түнде -2-4, күндіз +1+3 градус жылы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Синоптиктер