Әлеуметтік желіде астанада оншақты жедел жәрдем көлігі колоннасының жүріп өткен видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеодан жедел жәрдем көліктерінің колоннасы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының маңынан дабыл белгілерін қосып, зулап өткенін байқауға болады. Мұндай картинаны алғаш рет тамашалаған елордалықтар көріністі телефон камераларына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.
Оқиғаның мән-жайын Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы түсіндіріп берді. Олардың хабарлауынша, жедел жәрдем стансасына Тәуелсіздік мерекесіне орай 52 су жаңа көлік тарту етілген.
«Көліктерді 12 желтоқсан күні, таңғы сағат 8:30-да берді. Кілтті қала әкімі берді. Бұл дегеніміз жедел медициналық жәрдем қызметін жаңартып, елорда тұрғындарына сапалы медициналық қызметтің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді», - деді баспасөз қызметі.