$ 448.15  483.46  4.86

Жол бойынан жүздеген құстардың өлі денесі табылды

Куәгерлердің сөзінше, олар төбеден өлі күйінде бір-ақ құлап түскендей.

Жүздеген құстың өлі денелері Солтүстік Уэльске бара жатқан жолдан табылды. Ғалымдар олардың не себепті мерт болғанын анықтап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ВВС-ге сілтеме жасап.

Үш жүзге жуық қансыраған қараторғай Англси аралындағы жолда қырылып жатыр. Куәгерлердің сөзінше, олар төбеден өлі күйінде бір-ақ құлап түскендей. Қос қанаттылардың өлген себептерін анықтау үшін олардың кейбірінің денесін жинап, сараптамаға жөнелтті.

Аралдың 41 жастағы тұрғыны Давид Эдвардс құрбысы Ханна Стивенстің оларды сейсенбі күні ғана тірі күйінде көргендігін айтады.

«Ол аспанда жүздеген құстардың ұшып жүргенін айтып, «не деген керемет» деп ойлады. Алайда, бір сағаттан соң үйге қайтып келе жатқанда олардың барлығы жолда өліп жатты», - деді Давид.

Стивенс құстардың 300-ден асуы әбден мүмкін екендігін айтты. «Мен 150-ге дейін санадым. Кейін олардың әлі жүзден астамы барын көрген соң, санағанды қойдым», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#құстар