$ 443.85  474.3  4.8

Екі шұлық алтынды тауып алған адам сотталды

Қазіргі таңда табылған алтынның құны - 9,3 миллион рубльді құрап отыр.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Амурск облысына қарасты Тындинск ауданында 61 жастағы еркекті 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Себебі, ол іші алтынға толған шұлықты тауып алып, Тындинск аймағына алып келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ria.ru дереккөзіне сүйене отырып.

Амурск облыстық прокуратурасының хабарламасында федералды басқарудың қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлері шұлықта алтын сақтаған адамды ұстап алды делінген.

Осы істің салдарынан Липецк облысының тұрғыны "Ірі көлемді бағалы заттарды заңсыз сақтағаны үшін" РФ-ның 191-бабы, 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылды.
  
"2019 жылдың сәуірінде сотталушы екі шұлық толы дөңгелек формадағы 7 құйма алтын тауып алған. Оның жалпы салмағы - 4,3 килограмм болды. Сарапшылардың зерттеуімен оның құрамында таза алтынның массасы 3,5 килограмм екендігі анықталды", - делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Бағалы металлды ер адам өзі сақтап және Амурск облысындағы Тындинск ауданына алып келген. Қазіргі таңда табылған алтынның құны 9,3 миллион рубльді құрап отыр.

Айтпақшы, ірі көлемді алтынмен ұсталған адам бұған дейін сотталмаған. Ол кінәсін мойындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шұлық #алтын