$ 444.32  473.33  4.76

«СОНАР-2019»: 4 жасар құсбегі арнайы марапатқа ие болды (ФОТО)

Сайыста еліміздің 60-қа жуық білікті құсбегілерімен қатар, қырғыз елінің он шақты құсбегі және Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыз да өнер көрсеткен.
фото: Сәрсенбек Қызайбек
фото: Сәрсенбек Қызайбек

NEGE сайты таяуда ғана Алматы облысындағы Хантәңірі етегінде өткен «СОНАР-2019» халықаралық турнирінен фоторепортаж жариялады. Сондағы құсбегілердің арасында арнайы жүлдеге іліккен 4 жасар бала көрген адамды елең еткізбей қоймайды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сайыс әдеттегідей Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, «Қыран Федерациясы», сондай-ақ, «Қансонар» аңшылық бірлестіктер және аңшылық шаруашылық субьектілері республикалық Қауымдастығы бекіткен Регламентке сәйкес өткен.

Оған еліміздің Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 60-қа жуық білікті құсбегілер қатысқан. Сонымен қатар, қырғыз елінің он шақты құсбегі және Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыз да өнер көрсеткен.

Құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі, еркін аңға салу мен ителгі, қаршығаларды қолға, далбайға шақыру, қоян, кептер, қырғауылға түсіріп сынау сынды екі кезеңдік сайыста 4 жастағы ең жас қатысушы Айдар Бекмұхан да арнайы марапатқа ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары