$ 494.87  520.65  4.91

Мүлде жеңілмеген аргентиналық боксшы Қазақстанды «дүр сілкіндіруден» дәмелі

Боксшы Қазақстанға тек жеңіс үшін келе жатқанын мәлімдеген.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Виктор Коточиговтың (10-0, 4 КО) қарсыласы аргентиналық Хавьер Хосе Клавьеро (27-5, 5 КО) алдағы жекпе-жекте өзін басым бәсекелес санамайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы Қазақстанға тек жеңіс үшін келе жатқанын мәлімдеген.

Коточигова - Клавьеро жекпе-жегі 16 желтоқсанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Бұл кездесуде қазақстандық WBC International белбеуін қорғайды.

"Қазақстанда алғаш жұдырықтасамын. Бұл елде мықты боксшылар көп екенін білемін. Ең ұлылардың бірі - Геннадий Головкин. Қарсыласым тамаша көрінеді. Мүлде жеңілмеген және титулы бар. Елдеріңізде ұлттық мереке тойланатынын естідім. Бұл қарсыласыма қосымша ынта береді. Бірақ, мен тек жеңіс үшін барамын. Қиын болады. Алайда, мен боксымды көрсетіп, Қазақстанды дүр сілкіндіруге дайынмын", - дейді Клавьеро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары