$ 514.65  544.6  5.17

Алматы аудандары Тәуелсіздік күніне арналған шараларды бастап кетті

Мемлекеттік әнұранмен басталған мерекелік шараға Бостандық ауданы активі, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен аудан тұрғындары қатысты.

Алматыдағы Бостандық ауданында әкімдіктің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды «Sn.kz» сайты. 

Аталмыш іс-шара Бостандық аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген. 

Шара Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы ҚР Ұлтты қкітапханасы базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылып ұйымдастырылған. 

Мемлекеттік әнұранмен басталған мерекелік шараға Бостандық ауданы активі, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен аудан тұрғындары қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтау сөзінен кейін, ерен еңбектерімен көрінген бірқатар азаматтарға грамоталар мен Желтоқсандықтарға естелік сыйлық ретінде отандық өнім қол сағаттарын табыстады.

Мереке аяғы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Бостандық ауданында бірқатар мәдени, әлеуметтік және бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілуде.

Айта кетейік, 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге  биыл 28 жыл толды.

Бұл атаулы күн 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 2008 жылғы 25 маусымдағы және 2009 жылғы 22 сәуірдегі заңдармен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-інде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары