$ 498.34  519.72  4.85

Поштамен жіберілген пара: ақмолалық азамат 2 мың теңгесі үшін 200 есе артық айыппұл төледі

Ол Қазпочта арқылы Көкшетау қаласының судьясына өзінің некесін бұзу туралы өтінішін тезірек қабылдау үшін арнайы хат жолдап, сол конвертке 2000 теңге салып жіберген.

Ақмола облысында бір азамат некені бұзу туралы өтінішін тезірек қабылдау үшін сотқа 2 мың теңге конвертке салып, почтамен жолдапты. Бұл әрекеті үшін ол 353 мың теңге айыппұл төлеген, деп хабайлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Bag.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің баспасөз мәжілісінде жария болды.

«Ерекше бір жәйт орын алған екен. Ақмола облысында бір азамат Қазпочта арқылы Көкшетау қаласының сотына өзінің некесін бұзу туралы өтінішін тезірек қабылдау үшін судьяға арнайы хатын жолдап, сол конвертке 2000 теңге салып жіберген. Бұл жағдай анықталып, ол азаматқа 353 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды», - дейді бас сарапшы Сымбат Исрапулова.

Маманның айтуынша, алғыстың ең көп таралған түрі – мемлекеттік функцияны жүзеге асыратын тұлғалардың телефонына баланс толтыру немесе 1000-2000 теңге көлемінде қолға ақша ұстату.

Сонымен қатар, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында провация қызметінің инспекторларына да кейбір азаматтар ұялы телефондарына заңсыз түрде бірліктер салу арқылы жалпы сомасы 6 миллионға жуық теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Пара #айыппұл