$ 494.87  520.65  4.91

Алжу мен қартаюға қарсы дәрі табылды

Мұндай ғылыми тұжырымдамаға келу үшін ғалымдар тәжірибе жасауға кәдімгі тышқанды пайдаланған. Оларға CMS121 немесе J147, яғни Альцгеймер ауруы немесе қартаю кезінде нейрондардың қызметін арттыруға қабілетті өсімдік қосылыстары негізіндегі жасалған заттар берілген.
фото: Sputniknews.kz
фото: Sputniknews.kz

 АҚШ еліндегі Солка институтынының ғалымдары алжу мен Альцгеймер дертімен күресетін CMS121 және J147 дәрілерін қолдана отырып тышқандардың қартаюын бәсеңдетіп және ми жасушасының зақымдануын бұғаттайды деген тұжырымға тоқталды.  Ғалымдардың бұл тұжырымдамасы жайлы Medical Xpress баспасөз хабарламасында жазылған, - деп Skifnews.kz ақпарат порталы Lenta.ru дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Мұндай ғылыми тұжырымдамаға келу үшін ғалымдар тәжірибе жасауға кәдімгі тышқанды пайдаланған. Оларға CMS121 немесе J147, яғни Альцгеймер ауруы немесе қартаю кезінде нейрондардың қызметін арттыруға қабілетті өсімдік қосылыстары негізіндегі жасалған заттар берілген.Тәжірибе жасалынған тышқан айлық болған. Ғалымдардың пайымдауынша бұл жас адамдардың орташа жастан асқаннан кейінгі кезеңіне тән.

Дәрі егілгеннен соң айдан кейін ғана тышқандардың мінез-құлқында ерекшеліктер байқалып, оның жады тексерілген. Оның миындағы генетикалық, молекулалық жүйелері де талданды. Тәжірибе нәтижесінде тышқандардың жады қарапайым қандастарының миымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы болып шыққан. Тәжірибе жасалған тышқандарда жасушалық, молекулалық деңгейде өзгерістер білінген. Мәселен,
жасушалық органдары мен энергия өндіретін митохондрияға қатысты гендердің белсенділігі тұрақты қалпында қалған көрінеді.

Қосылыстар зат алмасуға маңызды рөл ойнайтын А ацетилкоферментінің деңгейін арттыруға көмектесетіні анықталған. Ол митохондрия жұмысын жақсартып, қартаюға әсер ететін ми жасушаларындағы процестерді бәсеңдетеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары