$ 498.34  519.72  4.85

Қорқытып ірі көлемде ақша алуға әрекеттенген прокуратура қызметкерлері қылмыс үстінде ұсталды

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті лауазымды қызметкерлердің қылмысын әшкереледі. Яғни, ҰҚК прокуратруда қызмет ететін бірнеше адамның жеке кәсіпкерлік өкіліне қорқыту арқылы ірі көлемде қаражат алмақ болған әрекеттеріне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputniknews.kz дереккөзіне сүйене отырып.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, 2019 жылдың желтоқсанында прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік өкілінен аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты қорқытып алмақ болған әрекетінің жолын кесті", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәлімет көзіне сүйенсек, 2019 жылдың 10 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 миллион теңге мөлшерінде қорқытып ақша алу кезінде Қазақстан бас көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Әлжаппар Құтанов және ШҚО прокуратурасы қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Рамазанов қылмыс үстінде ұсталды.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары