$ 447.4  477.55  4.76

Осыдан 20 жыл бұрын жоғалған екі адамның мәйіті Енисей түбінен табылды

Краснояр қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жүрген ресейлік құтқарушылар Енисей өзенінің түбінен осыдан 20 жыл бұрын жоғалып кеткен көлікті тауып алды. Автомобиль ішінде бір ер және бір әйел адамның мәйіті де болған деп жазады РИА Новости.

ТЖД мамандары өзен түбіндегі лайға әбден батып қалған Mitsubishi көлігін кездейсоқ тапқан. Оның ішіндегі ер адам 1957 жылы, әйел 1965 жылы туған Ресей тұрғындары болып шықты. Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1995 жылы екі азаматтың жоғалуына байланысты полиция іздеу жариялаған екен. Алайда, іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей туыстары үмітін үзген.

Мәйіттерге жүргізілген сараптама олардың зорлық-зомбылықсыз өлгендігін анықтады. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік суға түсіп кеткен. Ал, марқұмдардың бір-бірімен қандай байланыста болғандығы әлі анықталған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары