$ 494.87  520.65  4.91

«Air Astana» ұшағында Қытай азаматы қазақстандықты тонап кетті

Оқиға Бейжің-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын "Эйр Астана" ұшағында орын алған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстандық 40 жастағы әйел ұшу кезінде қомақты қаржысын қолды еткенін «Нұр-Сұлтан» әуежайының желілік полиция бөліміне мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Көліктегі ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Бейжің-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын "Эйр Астана" ұшағында орын алған. Жәбірленушінің қол жүгінде 4500 АҚШ доллары (шамамен 1,744,290 теңге) болған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде көлік полициясы сол рейспен ұшып келе жатқан Қытай Халық Республикасының 26 ​​жастағы азаматын ұстады», - деп хабарлады департамент өкілі.

Жеке тінту кезінде ұсталған адамның сөмкесінен 1 744 290 теңге сомасында ұрланған ақша табылып, тәркіленді.

Қытай азаматы кінәсін толық мойындап, ұрланған қаражат жәбірленушіге қайтарылды.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының үкімімен Қытай азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-тармағының 3-бөлімі («Қомақты қаржыны ұрлау») бойынша, қылмыстық әрекетке барғаны үшін айыпталды.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылып, Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылды және 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары