$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде 39 жастағы ер адам балконнан секірмек болды (ВИДЕО)

Оқиға орнына көп ұзамай патруль экипажы жіберілді.

Өскеменде полицейлер балконнан секірмек болған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қала көшелерінде кетіп бара жатқан адамдар өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды полицейлердің қалай құтқарғанын таспаға түсіріп алған. 

17 желтоқсан күні сағат 15:30 шамасында полицияға үшінші қабаттағы пәтердің балконынан секірмек болған ер адам туралы хабар түсті. 

Оқиға орнына көп ұзамай патруль экипажы жіберілді. Патрульдік полиция инспекторлары шақыру түскен мекенжайға бара жатып учаскелік полиция қызметкеріне хабарласып, пәтердің жалға берілгенін білген. Полицейлер пәтер қожайынымен хабарласып, үйді 39 жастағы ер адамның 2 тәулікке жалдағанын анықтаған. 

Оқиға орнында тәртіп сақшылары үйлесімді жұмыс істеді. Қызметкерлердің бірі балконнан секіруге жиналып жатқан ер адамды әңгімеге тартып тұрғанда, екінші біреу пәтер қожайынымен бірге ішке кірген. Олар пәтерге кірген соң әңгімесін жалғастырып, ер адамды мұндай жөнсіз әрекеттен бас тартуға көндірді. 

Әңгіме барысында полицейлер сол сәтті пайдаланып, жедел әрекет жасай отырып, оны қауіпсіз жерге сүйреп апарды. Осылайша тәртіп сақшылары ер адамның өмірін аман сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары