$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте ішкіш әкесінен намыстанған бүлдіршін түні бойы көше кезіп жүрген

Шымкентте 3-сынып оқушысы спирттік ішімдікке тойып алған әкесінің жанында жүруге намыстанып, мектептен үйге өзі қайтпақ болыпты. Алайда, жарты жолда адасып, түнгі бірге дейін қаланы жалғыз өзі кезіп жүрген. Бұл жайында ОҚО ІІД өкілдері хабарлады.

Кішкентай қыз баланы күнделікті мектептен үйіне әкеіс алып қайтып жүреді екен. Анасы болса базарда саудамен айналысады. Бүлдіршін мас болып, қайта-қайта көшеге құлай берген әкесінің жанында жүруге ұялып, үйіне өзі қайтпақ болғанын айтып отыр. Алайда, үйге барар жолдан адасып, қаланың екінші басынан бір-ақ шыққан. Оқушыны абырой болғанда "Самал" шағынауданының тұрғындары түнгі бірлер шамасында тауып алып, дереу полицияға хабар беріпті. Қазір ол ата-анасына қайтарылған.

«Папам есіктің кілтін жоғалтып алған. Ішіп алған, жолда құлап қала берді. Мен сосын өзім кетіп қалдым. Мамам жұмыста шығар. Ол базарда алма сатады» дейді 10 жасар қыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары