$ 446.49  475.38  4.79

«Ислам мемлекеті» 400 адамды тұтқынға алды

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Сирияның солтүстік-шығысындағы Дәйр-әз-Зор қаласында 400-ден астам адамды тұтқынға алды деп хабарлайды Reuters. Сириялық адам құқықтары жөніндегі обсерваторияның мәліметінше, тұтқында отырғандардың дені әйелдер мен балалар, яғни Асад режимін қолдаған жауынгерлердің отбасы.

SANA агенттігінің хабарлауынша, лаңкестер Дәйр-әз-Зор провинциясындағы Әл-Бгелия елдімекенінде қанды қырғын орнатқан. Содырлар барлығы 300-ден астам адамды өлтіргені анықталып отыр. Олардың қатарында қарттар, әйелдер мен балалар көп. Марқұмдар лаңкестердің талаптарын орындаудан бас тартқан көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, содырлар қатарында шетелдік уахабиттер көп болған. Олардың Сауд Арабиясының және Түкрия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның режимімен байланысы бар болуы мүмкін деп жазады ақпарат агенттігі.

Кеше, 16 қаңтар күні Сирия әскері Дәйр-әз-Зор қаласында лаңкестік ұйым өкілдерімен қарулы қақтығысқа барып, «Евфрат қонақ үйін азат етті. Содырлар қатарында шығын көп. Аталған қаланы «Ислам мемлекеті» 2015 жылдың мамыр айында жаулап алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары