Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с болады. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерінде бұрқасындатып соққан желдің күші 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кеей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы15-20 м/с жетуі ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.