$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да ірі жол апатынан 3 адам көз жұмды

17 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында Орал-Ақсай тас жолының бойында Теректі ауданының Колузаново ауылына жақын маңда ірі жол көлік оқиғасы орын алды деп жазады "Мой Город" порталы.

Куәгерлердің айтуынша, тас жолдың бойында "Лада Приора" мен "Фольксваген Шаран" автокөліктері соқтығысқан. Екеуінің де ішінде жүргізушіден бөлек бірнеше жолаушы болған. Салдарынан "Лада" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы: 26 жастағы қыз бен 22 жастағы бозбала қайтыс болыпты. Мәйіттерді құтқарушылар көлік ішінен әзер шығарып алғандарын айтып отыр.

Оқиға орнына полицейлермен бірге жедел жәрдем қызметкерлері жетіп, жарақат алған өзге жолаушыларға көмектесті. Аталған тас жолдың бірнеше күннен берікөктайғақ болып жатқанын айта кету керек. Осы оқиғадан бір күні бұрын дәл осы трассада "Фольксваген Шаран көлігі мен жол-патрульдік полициясының көлігі соқтығысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары