Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 28 доллардан төмендеп кетті деп хабарлайды РБК арнасы.
Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 02:25 шамасында Лондон биржасындағы мұнай бағасы 27,72 долларды құрап, жұма күнгі көрсеткішке қарағанда бір жарым долларға төмен құлдыраған.
Bloomberg-тің хабарлауынша, мұнай бағасының төмендеуіне Иранға салынған санкциялардың алынуы себеп болып отыр.
«Тегеранның әлемдік саудаға өз мұнайын сатуы қара алтын бағасына қатты әсер етпек, шамамен бір баррелі 25 долларды құрауы мүмкін», — дейді гонконгтық Nomura Holdings Inc сарапшысы Гордон Кван.
Дереккөздерің мәліметінше, Иран енді тәулігіне 0,5 млн баррель мұнай өнімдерін экспортқа шығармақ.