$ 494.87  520.65  4.91

Әкім Нәлібаев шырша ойыншықтарына 4 млн 600 мың теңге бөлмек

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл шыршаға бір тиын да шығармаған.
фото: Aikyn.kz
фото: Aikyn.kz

Қызылорда қаласының орталық алаңындағы бас шыршаның шамы 24 желтоқсан күні жағылады. Оның биіктігі - 23 метр, ені - 10 метр, деп хабарлайды Жас Алаш.

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл шыршаға бір тиын да шығармаған. Бұл шырша қайта жасақталып, тек жаңа ойыншықтармен безендірілмек. Бұдан өзге, ұзындығы 10 метрлік тағы да төрт шырша орнатылмақ. Олар да қолда бардан жасалмақ екен.

Қала әкімдігі шырша алмаса да, жаңа жылдың дайындығына миллиондарды аямапты. Кейбір өңірлер мерекеге дайындалу үшін демеушілердің көмегіне жүгініп жатса, қызылордалық шенділер тек қаланы безендіру мен билбордтар ілудің өзіне қала бюджетінің 4 млн 600 мың теңгесін жұмсайды.

Бұл сома ішкі саясат бөлімі мамандарының «Жас Алаш» тілшісіне берген ақпаратында жазылған. Соңғы екі жылдың өзінде осы мереке үшін қала бюджетінен 9,1 млн теңге бөлінді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары