$ 494.87  520.65  4.91

Шекарашылар елімізге заңсыз кірген өзбек азаматын қару қолданып әзер тоқтатты

Қазақстандық шекарашылар Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

 

ОҚО Жетісай шекара отрядының «Орысқұдық» шекара заставасынан жасақталған наряд заставадан 25 шақырым қашықтықта мемлекеттік шекараны бұзып кірген 32 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

Ұстау кезінде шекара бұзушы жанұшыра қарсылық көрсетіп, қашып құтылмақ болған. Шекарашылар амалсыздан қару қолданғандарын айтып отыр. Аспанға атылған оқтан қорыққан күдікті дереу тоқтап, құқық қорғаушыларға берілген. Зардап шеккендер жоқ дейді Шекара қызметінің өкілдері.

Шекара бұзушыны ұстау бойынша Сарыағаш гарнизонының барлық құқық қорғау орындары құлақтанды. Тексеру шаралары басталып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары