$ 443.37  474.49  4.83

«Ювентус» ойыншыларының есімдері неге арабша өзгертілмек

Италия Суперкубогы матчы 22 желтоқсан күні «Ювентус» пен «Интер» арасында «Кинг Сауд» стадионында өтеді.

Туриндік «Ювентус» Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өтетін Италия Суперкубогына арнайы жейде тіктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ювентус» ойыншыларының есімдері жейдеге араб әріптерімен жазылса, нөмірлер өрме жазумен көмкеріледі. Бұл форма саудия-марокколық каллиграфия суретшісі Шакер Қашғаримен бірлесе отырып жасалды.  

Италия Суперкубогы матчы  22 желтоқсан күні «Ювентус» пен «Интер» арасында «Кинг Сауд» стадионында өтеді.

Еске сала кетелік, өткен маусымда А сериясының жеңімпазы атанған «Ювентус» пен Италия кубогын жеңіп алған «Лацио» Суперкубокқа таласуға мүмкіндік алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары