$ 498.34  519.72  4.85

СҚО-да өрт шыққан үйде 3 кішкентай бала қалған

Құтқару кезінде жанып жатқан үйдің көршісі бізге көмек көрсетті.

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары 7 адамды тілсіз жаудан құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

«Көкшетау-Рузаевка» тасжолында кезекшілікте жүрген жол сақшылары Ерлан Данкин мен Азамат Бқоев таңғы сағат 06:30 кезінде Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл елді мекеніндегі жанар-жағар май бекетіне тоқтаған. Осы сәтте көмек сұраған дауысты естіген олар бірден оқиға орнына жетеді. Осылайша жанып жатқан үйдің терезесінен іштегі адамдардың барлығын сыртқа шығарып, өрт сөндірушілерді шақыртқан. Жедел құтқару тобы өрттің неден шыққан салдарын анықтауда», - делінген хабарламада.

«Үйдің терезесінен көмек сұраған дауыстарды естідік. Содан соң қоршаудан секіріп өтіп, жанып жатқан үйдің ішінен 3 кішкентай бала және 4 әйел адамды сыртқа шығардық. Құтқару кезінде жанып жатқан үйдің көршісі бізге көмек көрсетті», - деді СҚО Полиция департаментінің инспекторы Ерлан Данкин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО #өрт