$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда «Көк базар» маңындағы кафе өртенді (ВИДЕО)

Зардап шеккендер туралы хабар жоқ.

Бүгін таңертең Алматыдағы "Көк базар" жанындағы кафеден өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өрттің шыққанын тұрғындар хабарлаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті.

«Оқиға орнына келгенде екі қабатты ғимараттың екінші қабатында орналасқан кафенің өртеніп жатқаны анықталды. Бұл ғимараттың дәл қасында тағы үшқабатты ғимарат тұрған», - деп хабарлады ТЖД өкілі.

Департаменттің хабарлауынша, өрт толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер туралы хабар жоқ. 

«Өрт оқиға орнына келген 52 минуттан соң толықтай сөндірілді. Өрттің аумағы — 80 шаршы метр. Төтенше жағдайды жоюға 7 дана техника, ТЖД-ның 22 қызмкеткері жұмылды», - деді ТЖД өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #базар #кафе