$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда қаскүнем ақша үшін жанармай құю бекетінің қызметкеріне пышақ сұқты (ВИДЕО 18+)

Полиция департаментінің хабарлауынша, 2 ер адам жұмыс уақытында жиі кездесіп, жасырын түрде алкоголь ішетін болған.

Жанармай бекеттерінің бірінде кассирге қарақшылық шабуыл жасалды. Белгілі болғандай, досының жұмыс орнына ер адам келген. Кейін жанармай құю бекетінің қызметкері өлі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 2 ер адам жұмыс уақытында жиі кездесіп, жасырын түрде алкоголь ішетін болған.

39 жастағы күдікті осындай кездесулердің бірінде досынан ақша сұраған, бірақ, ол бас тарқан көрінеді. Жанармай құю станциясының 54 жастағы қызметкері бұрылған кезде, досы нан турайтын пышақты мойнына сұғып үлгереді.

Күдікті қатты жараланған жігіт есін жоғалтпай тұрған сәтті пайдаланып, ақшаның қай жерде жасырынғанын анықтап алады. 

«Кассадан 40 мың теңгені ұрлаған күдікті қансырап жатқан досын тастап қашып кетті. Досы оқиға орнында жан тапсырды», - дейді полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

Алматы мен Жамбыл облысының полицейлері бірлесіп жұмыс жасау барысында күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстың белгілері бойынша, ҚР ҚК-нің 4-бабы 2-бөлігінің 192-тармағына сәйкес, «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары