$ 449.58  486.94  4.86

Елордалық тұрғын қолдан жасалған 300 аққаланың тас-талқанын шығарды (ВИДЕО)

Айта кетерлігі, бұған дейін 300 аққаланы елордалық тұрғын өз күшімен Ботаникалық саябақта соққаны белгілі болған еді.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Бұзақы тұрғынның видеосы желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Онда жас жігіттің қолмен соғылған аққалалардың тас-талқанын шығарғанын анық көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетерлігі, бұған дейін 300 аққаланы елордалық тұрғын өз күшімен Ботаникалық саябақта соққаны белгілі болған еді.

Жазба авторының айтуынша, ол аққала соққан жаңалығын паблик иесімен бөліскен екен.

"Біздің оқырман осы аққалаларды соққан еді. Енді мына видеоны көріп, жігіттердің әрекетіне қынжылып отыр. Өте аянышты", - деп жазған жазба авторы.

Ботаникалық бақта аталмыш аққалалардан бөлек шырша да тұрғызылған еді. Саябақ өкілдері қала тұрғынының аққаланы тұрғызу ісі жалғасын табады деп сенген еді.

Жас азаматтардың бейәдеп әрекетін желі қолданушылары да сынап тастаған. Олар:

"Жігіттер ұя емес пе?", "Сонша аққаланы соққан қайран еңбек", "Жауапкершілікке тарту керек", "Ұят қайда?" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары