$ 514.65  544.6  5.17

Полиция WhatsApp-пен құжаттардың суретін жібермеуге кеңес берді

Биыл мыңнан аса интернет-қылмыс ашылған, 388 адам ұсталған. Әсіресе алаяқтардың қолынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындары зардап шегеді екен.
Фото: hitech.vesti.ru
Фото: hitech.vesti.ru

ІІМ өкілдері қазақстандықтарға WhatsApp арқылы жеке куәліктер мен банк карталарының суреттерін жібермеуге кеңес берді, деп хабарлайды "КТК" арнасы. 

«Қауіпсіздік үшін кілт сөздерді (әлеуметтік желіде немесе телефонда) жиі өзгертіп тұрған жөн. Себебі, қазір қолыңыздағы телефонда бәрі сақталады. Өміріңізде бір рет болсын, WhatsApp арқылы жеке куәліктің суретін жіберген боларсыздар. Кей жағдайда азаматтар банк карталарының да суретін жолдайды. Мұндайдан сақтану керек. Өйткені, бұл құжаттардың көшірмесімен-ақ онлайн-сауда жасай беруге болады. Интернетті пайдаланудың қарапайым ережелелерін сақтаған дұрыс», - деді ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл мыңнан аса интернет-қылмыс ашылған, 388 адам ұсталған. Әсіресе алаяқтардың қолынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындары зардап шегеді екен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары