$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде адам ағзасын рұқсатсыз ауыстыруға рұқсат берілуі мүмкін

Бірақ қоғам арасында бұл бастамаға түбегейлі қарсы шыққандар жетерлік. Белсенділер бұл жаңашылдық қабылданса, елімізде адам саудасы белең алады деп қауіптенеді.
Фото: youtube.com
Фото: youtube.com

Елімізде адам ағзасын рұқсатсыз ауыстыруға құқық берілуі мүмкін. Арнайы әзірленген Кодекске осындай ұсыныс енгізілген,-деп хабарлайды 24.kz.

Бірақ қоғам арасында бұл бастамаға түбегейлі қарсы шыққандар жетерлік. Белсенділер бұл жаңашылдық қабылданса, елімізде адам саудасы белең алады деп қауіптенеді.  Нұржан Өтепбергеновтің операция жасатқанына бір жарым жылға жуықтады. Бауыр ауруына шалдыққан ол, операциядан кейін жағдайым едәуір жақсарды дейді.

Нұржан Өтепбергенов, қала тұрғыны: – 2017 жылы бауыр циррозына шалдықтым. Дәрігерлер біраз уақыт емін таппай жүрді. Кейін, диагнозын анықтап, донор іздедік. Сол сәтте бір жас жігіттің жол апатына ұшырап, қаза тапқанын білдік. Марқұмның туыстары бізге ағзасын беруге келісті. Сөйтіп, маған операция жасады. Қазір жағдайым жақсы, жұмыс істеп жүрмін.

Нұржанның жолы болған. Әйтпесе елімізде ағза ауыстыратын донор таппай, кезек күтіп жүрген науқастар көп. Қазір 3 мыңнан аса адамға трансплантация жасау керек. Дені сау бүйрекке зәру. Жүрек ауруына шалдыққандар да, бауыры бүлінгендер де көп. Бірақ қоғам ағза ауыстыру мәселесіне келгенде әлі де енжар. Көбі келісе бермейді. 

Сандуғаш Орынбаева, «Өмір сыйы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті: – Донорлықта презумция келісімі деген түсінік бар. Еліміздің кез келген азаматы донор атанып, өзінің келімісін жазбаша түрде бере алады. Бұл жүйе 2009 жылдан бастап іске асып жатыр. Бірақ Қазақстанда адам ағзасын ауыстыру әлі де кемшін. Көбі келіспейді. Қажет ағза болмаған соң, жыл сайын кезекте тұрған жүзге жуық адам өлім құшады.

Бұқараның бұлайша бұра тартуына бірнеше себеп бар. Ең негізгісі діни көзқарас. Шариғатта адам ағзасын ауыстыруға тыйым салынған дегенді желеу етеді. Осыдан кейін салаға жауаптылар адам ағасын рұқсатсыз ауыстыру мәселесін көтерсе керек. Оны арнайы әзірген Кодекске де енгізіп қойған.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары: – Ұлттық хиругия орталығы 80 операция жасады. 2014 жылы жүрек ауруына шалдыққан 20 науқас донор тапты. Биыл жүрекке 9 ота жасадық. Бірақ донорлар әлі де жеткіліксіз.

Қоғам белсенділері бұл мәселеге түбейлі қарсы. Айталық, белгілі заңгер Айгүл Орынбек адам ағзасын ауыстыруға рұқсат берілсе, елімізде адам саудасы көбейеді деген пікір айтты.

Айгүл Орынбек, заңгер: - Қара базарда адамның бір мүшесі 100 мың доллардан бастап бір миллионға дейін бағаланатын бәріміз білеміз! Кеше ғана Шымкент емханасында дәрігер шетелге адам мүшесін жіберіп отырғаны үшін тұтқындалды. Яғни осы уақытқа дейін бұның бәрі шетелге тексеруге деп жіберіліп, адам мүшелері осылай сатылып келген.

Қазір екпе мәселесі де елдің шымбайына батып отыр. Әсіресе, вакцинадан кейін жағдайы күрт нашарлап жатқан балалар көп. Министр бұл мәселеге қатысты өзінің ойын айтты.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: – Адамның денсаулығы екпеден кейін күрт нашарлап кеткені дәлелденетін болса, медициналық қызметкер де, дәріні шығарған компания да, оны тасымалдаған делдалдар да жауапкершілікке тартылады. Бұл тәртіп Кодексте қарастырылған.

Қайткенде де Парламент қарауындағы бұл Кодекс әлі қабылданған жоқ. Жауаптылар бірінші кезекте қоғам пікірін ескереміз дейді. Кем-кетігі түгенделеді. Содан кейін ғана заңмен бекітпек. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам ағзасы