$ 494.87  520.65  4.91

Египетте өлген елшінің өліміне қатысты тергеу нәтижесі Қазақстанға әлі берілмеген

ҚР Сыртқы істер министрінің мәліметінше, қазір Еламан Жолдасовтың әйелі тергеу аясындағы жұмыстарға өзі куә болып жүр.
фото: vrk.news
фото: vrk.news

Египетте жұмбақ жағдайда қаза тапқан Еламан Жолдасовтың денесі туған еліне Жаңа жылға дейін жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Азаттық рухына сілтеме жасап.

«Әзірше тергеу жүріп жатыр, тергеудің нәтижесі біздің жаққа берілген жоқ. Сондықтан күте тұрайық. Олар (тергеу материалдары – авт.) қазір Египеттің Бас прокуратурасында, сол елдің Сыртқы істер министрлігі арқылы бізге беріледі», - дейді министр.

Ал марқұмның денесі қашан туған еліне жетіп, жерленеді деген сұраққа министр «жақын арада» деп жауап берді.

«Жаңа жылға дейін, осы аптаның соңы, келесі аптада денесі елге жеткізіледі деп күтудеміз», - деді Мұхтар Тілеуберді.

ҚР Сыртқы істер министрінің мәліметінше, қазір Еламан Жолдасовтың әйелі тергеу аясындағы жұмыстарға өзі куә болып жүр. Ал әйелінің «Еламан Жолдасов суицид жасауы мүмкін емес» деген мәлімдемесіне қатысты сұраққа еліміздің Сыртқы істер министрі «өлімнің нақты себебін қазір айту қиын» деп жауап берді.

Министрдің сөзіне сенсек, дипломаттың өлімі ең алдымен суицид жасау фактісі ретінде қарастырылып жатқан көрінеді.

Еске салайық, 13 желтоқсанда Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Қазақстан тарапы дипломаттың денесі елге жеткізілгеннен кейін де қосымша сот сараптамасын жүргізетінін мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары