$ 514.65  544.6  5.17

Нұр-Сұлтанда өзгенің төлқұжатымен ұшып кетпек болған Сомали азаматы ұсталды

Шекарашыларға Сомали Республикасы азаматының төлқұжатта көрсетілген фотосуреттегі кескінге ұқсамауы күдік туғызған. Құжат егжей-тегжейлі зерттелгеннен кейін оның төлқұжатты көрсетуші адамға тиесілі емес екені белгілі болды.

Нұр-Сұлтан әуежайында басқа біреудің төлқұжатымен ұшып кетпек болған Сомали азаматы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылы 23 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында "Нұр-Сұлтан-Франкфурт" бағытындағы № KС-921 рейсіне шекаралық тексеру жүргізу кезінде Нидерланды Корольдігінің азаматына тиесілі төлқұжатты көрсетіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысқан Сомали Республикасының азаматы ұсталды" делінген хабарламада.

Шекарашыларға Сомали Республикасы азаматының төлқұжатта көрсетілген фотосуреттегі кескінге ұқсамауы күдік туғызған. Құжат егжей-тегжейлі зерттелгеннен кейін оның төлқұжатты көрсетуші адамға тиесілі емес екені белгілі болды.

Аталған азамат еліміздің оқу орындарының бірінің студенті екені анықталды. Биылғы жылдың қазан айында Қазақстанға келген, бірақ, қазақстандық визасының мерзімі аяқталғанына байланысты, ол өзі секілді студент досының төлқұжатын пайдалануға шешім қабылдапты.

Қазіргі уақытта Сомали Республикасының азаматын әкімшілік жауапкершілікке тарту жайы қарастырылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары