Түнде тыныштықты бұзсаңыз, екі еселеп айыппұл төлейсіз. Ал айыппұл жеке тұлғаларға да, ойын-сауық орындары бар кәсіпкерлерге де ортақ, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Мәжіліс депутаттары түнгі уақытта халықтың мазасын алатындарға қатысты жазаны күшейтті.
Депутаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына өзгеріс енгізді. Соған сәйкес, түнгі сағат 11:00-ден таңғы алтыға дейін тұрғын үйлерде немесе түнгі клуб, ойын-сауық орындарында дау туған жағдайда мекеме әкімшілігі жауапкершілікке тартылады. Бұқараның құтын қашырғандар екі есе айыппұл төлейді. Мәселен, бұрын ірі бизнес өкілдеріне айыппұл мөлшері 126 мыңдай болса, енді ол 252 мың теңгеден асады.
Айтып өту керек, биылдың тоғыз айында тыныштықты бұзғаны үшін 4400 адам әкімшілік жазаға тартылып, 1400-ден аса қылмыстық іс қозғалды.