$ 494.87  520.65  4.91

Семейдегі Мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөз сөйлеп, бұл күн алматылықтар үшін ұмытылмас ерекше күн екенін атап өтті.

Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет  театрында КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, академик Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөз сөйлеп, бұл күн алматылықтар үшін ұмытылмас ерекше күн екенін атап өтті.

Қазақтың кәсіби ән өнері дегенде, біздің есімізге ең алдымен оралатын санаулы есімдер бар. Олар – аттары аңызға айналған Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев және Бибігүл Төлегенова.10 жыл бұрын Павлодар облысының әкімі болған кезімде маған Бибігүл Төлегенованы құттықтау құрметі бұйырды. Бүгін тағы бір мәрте 90 жылдық мерейтойымен құттықтап тұрмын. Бұл мен үшін ерекше, қуанышты сәт, - деді Алматы әкімі.

Өз кезегінде ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық әртісін айтулы мерекемен құттықтай келе, Бибігүл Төлегенова ХХ ғасырдың әйгілі әйелдерінің бірі ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгенін айтты.

Сонымен бірге мәдениет және спорт министрінің сөзінше, Бибігүл Ахметова - қазіргі заман жастарына үлгі.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Құсайынов Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің құттықтау сөзін оқыды. Сонымен бірге Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов мерейтой иесін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың атынан құттықтады.

Ермак Сәлімовтың сөзінше, келесі жылы Б.Төлегеновның туған жері Семейде мерейтой иесі мен Абайдың 150-жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ, "қазақ бұлбұлының" құрметіне Семейдегі Мәдениет үйіне әншінің есімі беріледі.

Өз кезегінде Бибігүл Төлегенова барлық қазақстандықтар мен көрермендерге қолдаулары мен құттықтаулары үшін алғыс айтып, баршаға бақыт, амандық және мықты денсаулық тіледі.

Менің мерейтойлық мерекем жақында желтоқсанның 3-і мен 16-сы күні менің туған күнімде Нұр-Сұлтан қаласында тойланды. Қуаныштымен және барлығыңызға ризамын. Бүгін театрымызда қорытынды кеш өтіп жатыр. Жалпы алғанда, мен 90 жасыма қарамастан сіздердің орталарыңызда жүргеніме ризамын. Халықтың маған, менің шығармашылығыма деген махаббатына қайтара куә болдым, өте бақыттымын. Жаңа жыл жақындап қалды. Кеше қалың қар жауды. Келер жыл да кеше түнде түскен қардай мол қуаныш әкелсін, - деп тіледі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова.

Концертке Б.Төлегенованың шәкірттері қатысты. Олардың арасында белгілі қазақ эстрада және опера әншісі Толқын Зәбирова, сонымен бірге Бибігүл Төлегенова байқауының лауреаттары бар. Концерттік бағдарлама халықаралық байқаулардың лауреаты, опера әншісі Елена Зарембаның (Люксембург), Өзбекстанның Халық әртісі, Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалистер байқауының Гран-при иегері Рамиз Усманов пен өзге де әншілердің өнер көрсетуімен жалғастырды. Қазақстандық және шетел композиторларының операларынан ариялар, халық әндері, романстар, оркестрлік шығармалар, хореографиялық нөмірлер орындалды.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің Ерболат Ахмедьяровтың дирижерлік етуімен тамаша музыкалық сүйемелдеуі шығармашылық кеш қонақтарының құлақ құрышын қандырды.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары