$ 514.65  544.6  5.17

Атырау телевизиясына - 52 жыл!

Мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген қаржы бүгінгі таңда Атырау телевизиясының материалдық-техникалық базасының нығаюына, әр ауданнан тілшілер қосынын ашуға және облыстың түкпір-түкпіріне хабар таратуға мүмкіндік берді.

Осыдан дәл 52 жыл бұрын, яғни 1967 жылдың 25 желтоқсанында сағат 18:42-де сол кездегі Гурьев телевизиялық студиясынан сынамалық телеэфир көрермендерге жол тартқан еді. Осылайша, өз жұмысын бастаған өңірлік телевизия саласындағы тұңғыш эфирге бүгін 52 жыл толып отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған күннен бастап Атырау қаласының халқы жергілікті хабарларды көруге мүмкіндік алды. Десе де, өңірлік телеарнада мамандар тапшылығы өз алдына, қажетті құрал-жабдықтар жетіспейтін. Сол себепті, Атырау телевизиясы 1976 жылы 31 желтоқсанда өз жұмысын тоқтатқан. Өңірдің ардагер журналисті, өлкетанушы Өтепберген Әлімгереевтің айтуынша, облыстық теледидарды қайта өмірге келтіру оңай болмаған. 

"Жергілікті телеарна 1990 жылы қайтадан ашылған сәтте де кадр жетіспеушілігі болды. Сол себепті, Ресейдің көптеген қалаларынан техникалық қызметкерлер шақыртылды. Алғашында тәулігіне 1 сағат аймақтық хабар тарататын эфир, уақыт өте 13-17 сағатқа ұлғайды. Осылайша, жергілікті телевизия саласы қарқынды дами бастады. Ал қазіргі таңда, шын мәнінде, Атырау телевизиясы ақпараттық орталыққа айнала білді", - дейді Өтепберген Әлімгереев.

Бұл орайда, жергілікті атқарушы биліктің өңір телевизиясының қалыптасуы мен дамуына көрсеткен қолдауын да атап өткен жөн. Мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген қаржы бүгінгі таңда Атырау телевизиясының материалдық-техникалық базасының нығаюына, әр ауданнан тілшілер қосынын ашуға және облыстың түкпір-түкпіріне хабар таратуға мүмкіндік берді. 

Аймақтық телевизия саласының құрамына осыған дейін бірнеше арна қосылғанымен, ғұмыры ұзаққа бармады. Десе де, қазіргі таңда халықты жергілікті ақпаратпен қамтамасыз етіп, үздік телевизиялық өнімдерді көрермендерге ұсынуда екі бірдей телеарна қызмет атқаруда. Соның бірі – «Caspian News» телеарнасы. Арна басшылығының айтуынша, жергілікті телеарналардың басты мақсаты – халыққа сапалы контент ұсыну.

"Көрермен сұранысын басшылыққа алып, халыққа сапалы контент ұсыну – жергілікті телеарналардың басты міндеті. Мәселен, «Caspian News» арнасының құрылғанына бір жыл енді толса да, қазіргі таңда арнаның өзіндік аудиториясы қалыптасқан. Сол себепті, біз көрермендерге аймақтық жаңалықтармен қатар, қоғамдық мәселелерді сарапқа салатын жобаларды да жүзеге асырудамыз", - дейді арна директоры Қазбек Кертаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары