$ 498.34  519.72  4.85

Шахтада бір кенші көліктің астында қалды

Кенші қаза тапқан шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі.
фото: КТК.kz
фото: КТК.kz

Оңтүстік Жезқазған кеніші №45 шахтасының электр дәнекерлерушісі тау-кен-шахталық көлігінің астында қалып қойған. Ол оқыс оқиға салдарынан ажал құшты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кісі өліміне алып келген бұл жазатайым оқиға 235-шахтадағы №1 штрект өндіріс орнында болған. Осы оқиғаға байланысты тергеу органдары тексеру жұмыстарын жүргізіуде. Мысалы, тау-кен-шахталық көліктің жүргізушісі жолындағы жұмысшыны қалай байқамай қалғандығын анықтауда. Кенші қаза тапқан шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі.

«Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шахта #кенші