$ 494.87  520.65  4.91

Құрманғазы күйлерін Еуропа халқы тыңдады

Еуропа төрінде Құрманғазының «Балбырауыны» мен «Адайы» күмбірледі.

Маңғыстаулық өнерпаздар Еуропаны аралап, қазақтың ұлттық өнерін насихаттады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

«Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен «Жорға» халықтық би ансамблдері Венгрия, Хорватия, Босния және Сербия мемлекеттерінде 6 бірдей концерт қойды. Алғашқы ән кеші Будапеште өтті. Маңғыстаулық өнер ұжымдары концертті «Сыңсу» биімен ашып, қыз ұзатуларда айтылатын қазақтың дәстүрін көрсетті. Сонымен қатар, Шолпы, Хорезм билері сахналанды.

Еуропа төрінде Құрманғазының «Балбырауыны» мен «Адайы» күмбірледі. Төрт мемлекеттің өнер сүйер қауымы Мұрат Өскімбаев атындағы облыстық филармония ұжымының өнеріне жоғары бағасын берді. Барлық концерт аншлагпен өткен. 

"Бұл – халықаралық деңгейдегі жоба. Өйткені, мұны ұйымдастырушы түркі мәдениетін дәріптейтін, түркітілдес мемлекеттерін жинастыратын «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының жобасы болатын. Биылғы жобаға Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғызстанның әртістері қатысты. Біз Маңғыстау облысы Қазақстанның атынан қатыстық", - дейді «Жорға» би ансамблінің жетекшісі Серік Сариев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары