Bek Air ұшағы апатында Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Нақты айтқанда, «Генералдар кеңесі» үкіметтік емес ұйымы төралқасының төрағасы, әділет генерал-майоры, КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Қайдаров Рүстем Есімханұлы қаза тапты. Бұл ақпаратты қоғамдық бірлестіктің мүшесі Махмұт Телегусов растады.
Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді.
Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жетті.