$ 514.65  544.6  5.17

Алматыдағы ұшақ апаты: қаза болғандардың саны 14 адамға жетті

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті жолаушылар ұшағы апатынан қаза болғандардың аты-жөндерін жариялады.

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. Алматы қаласының әкімі қазір әуежайда. Бір ауруханаға 19 адам жеткізілген. 

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті жолаушылар ұшағы апатынан қаза болғандардың аты-жөнін жариялады. Әзірге мерт болған жеті адамның кім екені анықталған.

Қаза тапқандар тізімі:

1. Николой Астанов, 1971 жылы туған;

2. Р. Хайдаров, 1940 ж;

3. Бауыржан Қалиев, 1974 ж;

4. Базархан Кәрібаев, 1974 ж;

5. Марат Мұратбаев, 1961 ж;

6. Абай Нұрбаев, 1982 ж;

7. А. Исина.

«Зардап шеккендер 4 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға жедел көмек көрсету орталығына жеткізілді» делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі барлық қалалық қызметтерді жұмылдырды. ТЖД (30 адам және 7 техника) жедел құтқару тобы (16 қызметкер, 2 техника және 1 кинологиялық ит), Апаттар медицинасы орталығы (4 қызметкер және 1 техника), жедел жәрдем (35 қызметкер және 15 техника) жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ПД (200 қызметкер және 20 техника) және 12 жедел топ құрылды.

Бүгін, 27 желтоқсанда сағат 07:22-де "Bek Air" әуе компаниясының №Z2100 рейсі Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшу кезінде биіктікті ала алмай, бетон қоршауды бұзып өткен еді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ұшақ апаты