$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда білім беру саласының бірнеше қызметкеріне қатысты сот процесі жалғасуда

Қазіргі уақытта куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу аяқталды, сотта қылмыстық істің 50-ден астам томы зерделеніп жатыр.
Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz

Атырауда бірнеше білім беру саласының қызметкеріне қатысты сот процесі жалғасуда,-деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы. 

№2 Атырау қалалық сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВКЕ, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, Кіші өнер академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас бухгалтері Назымгүл МАЖИТОВАҒА қатысты сот процесі жалғасуда. Әңгіме төркіні негізінен пара және «бөтен мүлікті иелену», яғни бюджет қаражатын ұрлау туралы болып отыр. 

Қазіргі уақытта куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу аяқталды, сотта қылмыстық істің 50-ден астам томы зерделеніп жатыр. Судья Жұмағали ТӘШІМОВ әр іс бойынша ең маңызды фактілерді атап өтті. Мысалы, әр түрлі эпизодтар бойынша 4 млн 540 мың теңге, 9 млн 500 мың теңге, 2 млн 820 мың теңге, 3 млн 300 мың теңге және т.б. ақшалай қаражатты иемдену фактілерін келтірді. 2016-2018 жылдары Президенттік шыршаны өткізу кезінде 61 млн 179 мың теңге; мұғалімдер форумы мен тамыз конференциясын өткізу кезінде сәйкесінше 5 млн 260 мың теңге және 7 млн 360 мың теңге жымқырылған. Осылай жалғаса береді.   
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары