$ 449.58  486.94  4.86

Криштиану Роналду желіде өзі кездескен қазақстандық бала туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

«Сенімен кездесу өте керемет болды, мен қуаныштымын»,-деп жазды Роналду өзінің 195 млн жазылушысы бар Instagram аккаунтында.
Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Италияның «Ювентус» футбол клубы мен Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Қаз Ақпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сенімен кездесу өте керемет болды, мен қуаныштымын»,-деп жазды Роналду өзінің 195 млн жазылушысы бар Instagram аккаунтында.

Әлидің екі аяғы жоқ. Соған қарамастан ол футболды жақсы көреді. Бұған дейін ол Леонель Месси, Неймар, Киллиан Мбаппе және Мохамед Салах сияқты футбол жұлдыздарымен кездескен болатын.

Әли мен Роналдудың кездесуін ресейлік UFC-дің жекпе жек шебері Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған болатын. Ол Әлимен өзінің Алматыға сапары барысында танысқан.

 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары