$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда кеден қызметкері аяқ киім ұрлап ұсталды

Алматы қаласында кеден қызметкері италиялық қымбат аяқ киімді ұрлаймын деп қолға түсті. Күдікті азаматты Көліктегі ішкі істер департаментінің мамандары ұстаған.

"19 қаңтарда Алматы әуежайының Желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жетісу» кеден бекетінің қызметкері италиялық өнімдегі екі жұп ерлер аяқ киімі мен шетелдік өнімдегі бұрғылау қондырғысына арналған қосалқы бөлшектерді ұрлау фактісімен ұсталды. Алматы қалалық әуежайының уақытша сақтау қоймасынан ұрланған заттар тергеу барысында тәркіленіп алынды" делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұсталған азаматтың ұрлық жасағаны бейнебақылау қамералары арқылы расталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары