Пәкстанның солтүстік-батысындағы Чарсадда қаласында орналасқан Bacha Khan университетіне лаңкестер шабуыл жасап, салдарынан 21 адам қаза тапты. Олардың төртеуі содыр деп жазады Dawn.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, жараланғандар саны 30 адамнан асып отыр. Қазіргі таңда лаңкестердің көзін жою операциясы аяқталды.
Құқық қорғаушылар бірнеше содырдың қашып үлгергендігін айтып отыр. Қанды оқиғаны елдегі «Техрик-е Талибан Пәкстан» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.
Айта кетейік, бүгін таңертең суық қаруланған бірнеше адам аталған оқу ордасына басып кіріп, студенттерге қарата оқ жаудырған. Куәгерлер екі жарылыстың болғанын айтады. Жалпы, университетте барлығы 3 мыңдай студент оқиды.
Естеріңізге салайық, 2014 жылдың желтоқсан айында тәлібтер Пешавардағы әскери училищеге шабуыл жасап, 500 курсантты кепілдікке алған болатын. Мұнан кейін арнайы операция жүргізіліп, лаңкестердің көзі толық жойылған. Алайда, олар 150-дей адамды өлтіріп үлгерді.