$ 443.85  474.3  4.8

Қара жәшіктегі мәліметтерді анықтау үшін халықаралық сарапшылар келді

«Әуе кемесі техникалық тұрғыда өте күрделі екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан қысқа ғана уақыттың ішінде нәтиже күту, апаттың себептері туралы айту мүмкін емес. Сол себепті, бірқатар кешенді техникалық сараптама тағайындалып отыр», - деді ол.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

27 желтоқсан күні Алматы түбінде болған ұшақ апатынан кейін ұшақтың қара жәшігіндегі деректерді анықтап, тексеру, түсіндіру үшін голландық сарапшы келді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне сілтеме жасап хабарлайды. 
 
«Қазіргі уақытта бірнеше халықаралық сарапшы келді. Қара жәшік алынып, әуе апаттарын тергеу жөніндегі халықаралық ұйымға жіберілді. Сонымен қатар, Нидерландыдан шығарушы зауыт өкілдері де келген болатын», - деді министр, Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
 
Министрдің сөзінше, оқиғаның нақты себебін атау үшін біршама уақыт кетпек.

«Әуе кемесі техникалық тұрғыда өте күрделі екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан қысқа ғана уақыттың ішінде нәтиже күту, апаттың себептері туралы айту мүмкін емес. Сол себепті, бірқатар кешенді техникалық сараптама тағайындалып отыр» - деді ол. 

Министрдің түсіндіруінше, өрт-техникалық, авиациялық және медициналық сараптамалар жүргізіледі.

«Осы сараптамалардың қорытындысы бойынша, аталған әуе кемесінде қандай жағдай орын алғанына баға беріледі. Әзірше бабы сол күйінде қалып отыр. Ол - ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 3 тармағы», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары