$ 498.34  519.72  4.85

Тәртіп сақшылары Ақтөбедегі мейрамханада болған төбелеске қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

Бір адамның аузы-мұрны даладай болып, қан ағып, айналасындағылардың зәре-құтын қашырған.

WhatsApp мессенжері арқылы Ақтөбедегі мейрамхалардың бірінде болған төбелестің видеосы тарауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түскен осы жағдайға байланысты мәлімдемеде төбелеске мемлекеттік қызметшілердің қатысы жоқ екендігін айтты. Олардың сөзіне сүйенсек, жанжал осыдан төрт күн бұрын болған.

"WhatsApp"-та Ақтөбе қаласындағы мейрамхананың бірінде фойеде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Бұл оқиға 25 желтоқсаннан 26 желтоқсанға қараған түні тіркелді. Төбелес жеке дүкен мен компания жұмысшылары арасында болған. Жанжалға қатысушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген" делінген хабарламада.

Видеодан думанды кеш соңында үй-үйлеріне қайтуға жиналып жатқан бір топ адамның арасында бірнеше адамның төбелесіп жатқанын көруге болады. Кадрда жастау жігіттің орта жастағы азаматты жерден алып, жерге салып балағаттап, төмпештеп ұрып, теуіп жатқаны көзге бірден түседі.

Тіпті, бір адамның аузы-мұрны даладай болып, қан ағып, айналасындағылардың зәре-құтын қашырған. Оларды ажыратпақ болған адамдардың да берекесі қашқанын аңғару қиын емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары