$ 498.34  519.72  4.85

21қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіліп, желдің күші 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, түнде кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіліп, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары