$ 498.34  519.72  4.85

Дәретханадағы сәбиді құтқару операциясы (ВИДЕО)

Жамбылдағы дәретханадан табылған сәбиді құтқару операциясының бейнежазбасы жария болды. Онда нәжіске малынған бүлдіршінді шұңқырдан алып шығу қиындық тудырғаны анық көрінеді деп жазады KTK.

Естеріңізге салайық, екі апта бұрын тас жолдың бойындағы коғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған. Шұңқырдың айналасы бетон болғандықтан, құтқарушылар оны бұзып кіре алмапты. Себебі ішінде жатқан сәбидің өміріне қауіп төнген. Дәрет сындыратын тесіктің де тарлығынан ересек адамдар төменге түсе алмай әуреге түсті. Ақыры, тәуекелге бел буған төтенше жағдай қызметінің маманы қуықтай тесіктен балаға жеткен. Ермек Меңдібаев шақалақ еш қимылсыз жатқандықтан оны шетінеп кетті деп ойласа керек. Тек нәрестені қолға алғанда ғана дауысын естіген. Аты Жансая деп қойылған қыздың жағдайы қазір тәуір. Ал оның 21 жастағы анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары