$ 498.34  519.72  4.85

Президент мешіт салуды тоқтатуды бұйырды

Білім сапасының төмендеп бара жатқанына алаңдап, әрбір азамат жылына 5 кітап оқуы қажет екендігін алға тартты.
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмони соңғы уақытта хашара (тегін) әдісі бойынша, елде 5 мыңдай мешіт салынғанын айтып, жомарттық жасаушыларға енді мектеп, аурухана салуға кеңес берді. 

"Биыл 130-дан астам жаңа мектеп салынды. Бірақ оқушыларға орын әлі жетпей жатыр. Келесі жылы тағы 180 жаңа мектепті іске қосамыз", - дейді Тәжікстан президенті.  

Осы орайда, айта кеткен жөн Тәжікстанда 4 мыңға жуық білім ошағы бар. Яғни, мешіт саны мектептің санынан көп екендігін білдіреді. 

Сонымен қатар президент білім сапасының төмендеп бара жатқанына алаңдап, әрбір тәжік азаматы жылына 5 кітап оқуы қажет екендігін тілге тиек етті.

Дереккөз: Bugin.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары