$ 494.87  520.65  4.91

Атыраулық жұмысшылар 4 айдан бері жалақы ала алмай жүр

Атырауда өткен жылдың қыркүйек айынан бері жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылар бас көтерді. Айтуларынша «КТК-Сервис» ЖШС төрт айдан бері еңбекақыларын бермей сенделтіп қойған деп жазады 31.kz.

«Қыркүйекте жұмыс бастадық, күні бүгінге дейін жалақы алмадық» деп ашуға булыққан жұмысшылар «КТК-Сервис» ЖШС кінәлап отыр. Аталған мекеме құрылыс жұмыстарымен айналысады. Сөздерінше, компания басшылығы  барлығын алдап келген.

«Еңбекақысы жоқ, ешқандай жағдайы жоқ, жататын жерін көрдіңіздер. Тамақты да тоқтатып тастады. Жатақханадан шығарайын деп жатыр, не күй болады енді, қалтамызда бір тиын ақшамыз жоқ. Қайда барамыз енді?» дейді компания жұмысшысы Мәлік Бисебеков.

Наразылық білдіріп отырған 40-қа жуық жұмысшылардың жартысы 4 ай, қалғаны 2 ай бойына жалақыларын ала алмаған. Қара жұмыс істейтін олар тамақты да дұрыстап бермейді деп ашынып отыр.

Ал, компания басшылары болса осы қаңтар айының аяғына дейін жұмысшылардың алдындағы қарызын толық өтеп, жұмысты одан әрі жалғ,астырамыз деп уәде берді. 

Берік Сәменов, учаске бастығы:

- Айдың аяғына дейін беріп, жігіттер бұл жерден қуылмайды. Үш мезгіл тамағы беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары