$ 449.58  486.94  4.86

Шекарашылар есірткіні денесіне жабыстырып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады

Отандық шекарашылар Қазақстан-Ресей шекарасында денесіне есірткі затын жабыстырып өтпек болған ел азаматын қолға түсірді деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

Күдіктіні ұстауға қызметтік ит көмектескен. «Рудный-Челябинск» бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру кезінде ақылды жануар жолаушылардың бірінің жанына барып, тоқтаусыз үрген көрінеді. Шекарашылар күдік тудырған азаматты тексеру барысында оның денесіне жабыстырылған целлофан қалталарын тапты. Оның ішін ашқан кезде 50 грамм марихуана есірткісі шыққан.

Есірткі алып жүруші айғақтық затымен бірге Қостанай облсының Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары