$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік тұрғын ақша толы сөмкесін асханада ұмытып кеткен

Шымкенттік тұрғын қаладағы асханалардың біріне ақша толы сөмкесін ұмытып тастап кеткен. Сөмке ішінде 7700 АҚШ доллары мен 300 мың теңгесі болыпты. Алайда, араға бірнеше минут салып дәмханаға қайта келген ол қалдырып кеткен дүниесін таппай, полицияға арызданды.

Жедел іздестіру операциясы барысында сөмкені қолды еткен күдікті ізі суымай ұсталған. Белгілі болғандай, ол 45 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты. Полицейлер келгенше тауып алған ақшасының 15 мың теңгесін жаратып қойған. Сондай-ақ, сөмке ішінде болған жеке құжаттарды да ол қоқысқа тастап жіберіпті.

Қазір ұсталған азамат ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, үйіне жіберілді. Оның үстінен ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары