$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте төбелескен «Газель» жүргізушілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Шымкенттегі қоғамдық көлік жүргізушілерінің өзара төбелесі бейнекамераға жазылып, әлеуметтік желілерге орналасқаннан кейін полиция тәртіп бұзған қос азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғап отын. Бұған дейін жолаушылар тасымалымен айналысатын компания басшылары төбелескен қызметкерлерін жұмыстан қуған болатын.

Оқиға 19 қаңтар күні таңертеңгі ондар шамасында орын алған. Шымкент қаласындағы Гагарин және Жиделібайсын көшелерінің қиылысында жолға таласқан қос «Газельдің» жүргізушілері көліктерін тастап, жол бойында мәселені шешпек болыпты. Кейін оларға қоғамдық көліктердің кондуторлары да қосылып, жолаушылар оларды әзер дегенде ажыратып алды.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер анықтағандай, №87 бағыттағы шағынавтобустың 30 жастағы жүргізушісі №145 бағыттағы шағынавтобустың артынан соққан. Жүргізушілер алдымен ерегісіп, оның соңы төбелеске ұласыпты. Тәртіп сақшыларын оқиға орнына куәгерлер шақырған.

Қазіргі таңда №87 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісінің үстінен жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, төбелеске қатысқан жүргізушілер мен кондукторлардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша іс қозғалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары